Астанада қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды
Халықаралық қарттар күніне орай Елордада қарияларға құрмет көрсетілді. Қалалық мәдениет басқармасы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы бірлесе ұйымдастырған көңілді кеште елге белгілі өнер жұлдыздары ән айтып, күйшілер күйден шашу шашты.

