Silk Way Star - Азия мемлекеттері арасындағы алғашқы музыкалық байқау
«Silk Way Star» - осындай атаумен Қазақстанда Азия мемлекеттері арасында
алғаш ұйымдастырылатын музыкалық байқау өтеді. Бұл туралы бүгін Астана арнайы
өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің
Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы арасындағы халықаралық «Silk
Way Star» жобасын құру туралы келісім аясында жүзеге аспақ. Қазақстанды
қосқанда 12 елдің қатысушы бақ сынайды.

