Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде кешенді зерттеу басталды
Биыл елімізде бірегей сәулет ескерткішін зерттеу жұмыстары басталды. Бұл істе ғалымдар әлемдік тәжірибе мен заманауи техникалық жетістіктерді пайдаланады.
Еске салайық, 2021 жылы кесененің техникалық жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық деген баға берілді. Дегенмен температура мен ылғалдың маусымдық өзгеруі тарихи ғимаратқа кері әсерін тигізеді. Үкімет Түркістан облысының әкімдігіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүргізілетін жұмыс кезінде тарихи ғимаратқа зиян келтірмеу үшін ылғалдың оңтайлы деңгейін сақтауды тапсырған еді. Сонымен қатар кесененің жағдайы қыркүйекте Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұра комитеті сессиясының күн тәртібінде қаралмақ.