Астанада «National Geographic» журналының фотокөрмесі ашылды
Астанада «National
Geographic»-тің бірегей фотосуреттер көрмесі ашылды. Көрмеде журнал
беттерінен таңдап алынған хайуанаттар әлемінің ең үздік суреттері ұсынылған.
Экспозиция Майкл Николс, Стив Уинтер, Пол Никлен,
Беверли Жубер, Дэвид Дубиле және басқа да ең танымал фотографтардың түсірген
суреттерінен құралған тұмса табиғатқа деген айрықша көзқарас іспетті. Ұсынылған
жұмыстардың әрқайсысында зерттеуші фотографтардың жабайы табиғат пен оның бай
фаунасына деген бірегей және қайталанбас көзқарасы көрсетілген.
Ұйымдастырушылардың
айтуынша, таңғажайып суреттер фотографияның даму эволюциясын көрсете отырып,
фототұзақ, қашықтан түсіру және суасты технологиясы сынды инновациялар жабайы
табиғатты зерттеудің жаңа қырларын көрсетеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары
экслюзивті кадрларды 25 ақпанға дейін тамашалай алады.
Айбын Шағалақ, «National Geographic» журналының жауапты редакторы:
- Бүгінгі көрмеде таза, тұмса табиғатта, өз ортасында жүрген 70 жуық аңдардың, жан-жануарлардың суреттері қойылған. Бұл фотографтардың үлкен еңбегі, әрбір фотоның артында жанкешті еңбек жатыр. Ол сурет қалай түсірілген, қандай жағдайда түсірілген? Жай ғана фотосурет қойылмаған бұл жерде, суреттердің қасына оқиғалары, хикаялары да беріліп отыр.