Астанада «Сергек» камералары алынып тасталады
Астанада «Сергек» камералары өшіріледі. Енді
жол ережелері мен көшедегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды. Смарт жүйені
орнатуға Біріккен Араб Әмірліктері 53 миллиард теңге инвестиция құяды. Оған
жалпы саны 22 мың камера сатып алынбақ. Сондай-ақ, тәртіп бұзу деректерін
тіркеп отыратын арнайы орталық құрылады. Қалалық цифровизация және мемлекеттік
қызмет басқармасының айтуынша, «Сергек» камералары электр энергиясын көп
шығындайды. Ал, жаңа жүйе бір ғана орталық желі арқылы жұмыс істейді.

