Мал басын субсидиялау тоқтайды

Мал басын субсидиялау тоқтайды

Бұдан былай мал шаруашылығына субсидия берілмеуі мүмкін. Себебі, оның айналасында дау да, қылмыстық іс те көп. Осыны негізге алған тиісті топ қазір жұмыс жүргізіп жатыр. Енді субсидия мал басына емес, өткізілген еттің әр келісіне төленуі мүмкін. Мысалы, мал тұқымын асылдандыру мақсатында 100 ірі қараның әрқайсысына 10 мың теңгеден беріліп келген. Бірақ, оның қайтарымы есепке алынбаған. Сондықтан 100 сиырдан 10 төл немесе 80 бұзау алса да көмек қаржы өзгеріссіз өтелген. Енді одан кетіп, ет комбинатына немесе бордақылау алаңына өткізген мал салмағының әр келісіне субсидия берілмек.