Ауа райының қолайсыздығына байланысты 63 автожол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 63 автожол учаскесі жабылды

Қауіпсіздік мақсатында  63 автожол учаскесі жабылды. Оның 27-сі республикалық маңызға ие. Жолдарды тазалауға 500-ден астам техника жұмылдырылды. Қар құрсауында қалған 3  жүзден астам жолаушы құтқарылды. Мәселен, Түрген шатқалына бет алған 92 адам құтқарылды. Оның ішінде 8 бала бар. Сондай-ақ, Қарағанды-Балқаш автожолында 30 жолаушы мінген автобус қар құрсауынан шығарылды. Айналма жолға шығып, адасып кеткен автобус жүргізушісі «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, жәрдем сұраған. Өскемен-Шемонаиха тасжолында қалып қойған ресейлік 12 азамат та құтқарылды. Оның ішінде 2 бала бар. Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің бірқатар аймақтарында ақ түтек боран мен көктайғақ бүгін де болуы мүмкін. Сондықтан мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.