Қазақстандық әртістер ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті

Қазақстандық әртістер ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. ТҮРКСОЙ мерейтойына арналған «Біз біргеміз» атты гала-концерті Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтті. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым, мәдениет пен білім мәселелері жөніндегі Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері бірлесе өткізді. Шараға қатысуға 7 елден 70 әртіс келген. Кеш бағдарламасында қазақ әртістері  «Қара жорға» сияқты халық билері және Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және Латиф Хамидидің «Бұлбұл» секілді түркі елдерінің танымал сазгерлерінің тамаша туындыларын орындады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және «Қазына» би тобы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Өз кезегінде ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары ТҮРКСОЙ түркі тілдес халықтардың әлемдік өркениетке қосқан елеулі үлесін дәріптеудегі рөлін атап өтіп, Парижде мерейтойды атап өту – халықаралық қауымдастық тарапынан осы рөлдің мойындалғанын білдіреді деді.