«ÖZINŞЕ» отандық стриминг сервисі іске қосылды

«ÖZINŞЕ». Қазақстанда іске қосылған балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис осылай аталады.  Мұнда отандық мультфильмдер мен балаларға арналған контент  топтастырылған.  Қосымшаны  Android пен IOS құрылғыларына тегін жүктеуге болады. Жоба авторларының айтуынша, ÖZINŞЕ   онлайн кинотеатр   ғана емес, Қазақстан халқының 12 процентін құрайтын балалардың  және шеттегі қазақ жасөспірімдердің сұранысына қызмет ететін алаң.  Болашақта платформаға шетелдік анимацияларды да енгізу жоспарланып отыр.   

Асқар Омаров, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қазіргі кезде өзінше стриминг сервисіне 3 мың 400 минуттай контент жүктелген. Бұл контент әрі қарай үлкейеді. Бізде 10 жылдың ішінде Қазақстанда отандық анимация мектебі құрылды. Анимация қазіргі кезде Қазақстанда көп. Бізбен шекаралас елдерде анимацияны сатып алып жатыр. Қазір біздің анимация бойынша мамандар Қытаймен,  Ресей, Турциямен  жұмыс істеп жатыр.