Астанада Соғым FEST өтті

Астанада Соғым FEST өтті

Еліміздің әр өңірінен келген шаруалар елорда тұрғындары үшін Соғым FEST ұйымдастырды. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйтқы болған шарада ет пен азық түлік бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан сатылды.

Мұндағы еттің бағасы базардағы бағадан 15-20 пайызға арзан. Сондықтан болар сатып алушылар да көп. Сатушылар да мәз. Жәрмеңке қала халқы үшін ыңғайлы Көктал сауда орталығында өтті.