Астанада жұмысшы мамандықтар фестивалі өтуде

Астанада жұмысшы мамандықтар фестивалі өтуде

Жұмыс таппай немесе мамандық таңдап жүрсіз бе? Онда Астанада өтіп жатқан «жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне баруға кеңес берер едік. Өйткені, алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шараға 200-ге жуық ірі, шағын және орта бизнес өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, университеттер мен колледждер және ғылыми зерттеу институттары әртүрлі мамандықтармен таныстырып жатыр.