Қазақстанда тас карьерлерін цифрландыру жұмыстары жалғасады
2023 жылы Қазақстандағы тас карьерлерінің жартысы цифрландырылған. Барлығы бұл жұмыстармен 8 облыс қамтылған. Материалдардың барлық қасиеттері мен сапасын анықтау мақсатында оларды іріктеу, жинау және зерттеу жұмыстарын Қазақ жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары жүргізген. Жиналған мәліметті олар жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар базасына енгізген. Оның ішінде нақты географиялық мәліметтер, өндіріліп жатқан шикізаттың физико-механикалық сипаттамалары, қолданылу аймағы, иелері туралы мәлімет, тіпті телефон нөмірлері, карьердің көлемі мен қуаты жайлы ақпарат бар. Биыл Қазақстанның өзге 9 өңірінде іріктеу мен сынама жүргізу жоспарлануда.
Мейрамгүл Қабдығалиева,
Жол-құрылыс
материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры:
– Институт жол саласының барлық бағыттарын, оны ішінде
асфальт-бетон зауытын да цифрландыруды көздейді. Сонымен қатар институт – көше
мен жол желісін цифрландыру, паспорттау, диагностика, көпірлер мен өзге де
жасанды нысандарды зерттеу бойынша жаңа цифрлық жүйелерді енгізуді жоспарлап
отыр.