Ұлттық құрылтай - ұлттық мәселелер талқыланатын алаң
Ұлттық құрылтай - ұлттық мәселелер талқыланатын алаң. Онда ұлттық мүддені қорғайтын тақырыптар қаузалып, шешімін табады. Соның бір көрінісі - Мемлекет басшысы Бурабайдағы жиында дәстүрлі киімдерді жан-жақты дәріптеу керектігін ескертті. Онымен қоса, ата-бабамыздан қалған ұлттық киімнің құндылығын жоғары қоюды ұсынған еді. Бұл бастама қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты.

