Ұлттық құрылтай - ел ертеңі үшін маңызды мәселелер талқыланатын алаң
Ұлттық құрылтай - ел ертеңі үшін маңызды мәселелер талқыланатын алаң. Мәселен, Бурабайда өткен жиында Президент салық саясатына тоқталды. Бұл қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан ең маңызды тақырыптың бірі. Әсіресе, қосымша құн салығына қатысты сан алуан көзқарас бар екені жасырын емес. Үкімет салық реформасына қатысты біраз ұсыныс берді. Ал, қазір Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы қаралып жатыр.

