6 қазан – жалпыұлттық референдум
6 қазанда елде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. 12 млн-нан астам қазақстандықтың референдумда дауыс беру құқы бар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Дауыс беруге қолданылатын бюллетень үлгісі де дайын. Сайлаушыларға тек «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салынуына келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылады. Және екі жауап бар: «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін». Бюллетень қазақ және орыс тілдерінде басылады.

