Астанаға Конго Демократиялық Республикасының Президенті келді
Бүгін астанаға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. Бұл өткен жылдан бері елордаға Африкадан ат басын бұрған 4-ші мемлекет басшысы. Бұған дейін Конго, Гвинея Бисау, Руанда Президенттері болған еді.

