Қазақстан Президенті Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені Үкімет басшысы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Президент кейінгі жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады. Ираклий Кобахидзенің айтуынша, Грузия Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді. Кездесуде халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері де талқыланды.