Астерикс пен Обеликс Қазақстанға келеді

Астерикс пен Обеликс Қазақстанға келеді

Әйгілі Астерикс пен Обеликс Қазақстанға келеді. Францияда француз комикстерінің жаңа альбомы шықты. Онда қос достың Орталық Азияға саяхаты туралы баяндалады. Сценарий бойынша жаңа шытырман оқиғаның сюжеті көшпелі тайпаның тотемі грифонды іздеуге негізделген. Галлдар шығысқа қарай бет алып, онда ежелгі көшпелі халық сарматтардың ізімен таңғажайып және қорқынышты жаратылысты табуға тырысады. Бас кейіпкерлер қарлы жазықта ат үстінде саяхат жасайды. Сонымен қатар картинада шытырман оқиғалармен бірге көшпенділердің әдет-ғұрыптары мен тұрмысы суреттеледі. Авторлардың айтуынша, сценарист тарихи дереккөздерді зерттеуге көп уақыт жұмсаған.

Селест Сюрюг, «Albert Rene» баспа үйінің директоры:

- Бұл идея кейіпкерлерді мифологиялық грифон құбыжығын іздеуге жібергісі келген ойдан басталады және бұл экспедицияны қарлы табиғат жағдайында орналастырғысы келді. Автор картаға қарап, оқиғалардың барлығын сарматтар елінде өткізгісі келеді, бұл тарихта да айтылған. Ежелгі грек тарихшылары грифондарды осы аймақта мекендейді деп есептеген.

Гиллем Де Ла Броссе, кітап дүкенінің сатып алушысы:

- Бұл күтпеген нәрсе, оқиға бұрын болмаған елде орын алады. Жаңа шытырман комикстерді оқып шығуға асықпын. Пейзаждарды тамашалап, жаңа елдерді танимын деп ойлаймын. Бұл комиксті оқи отыра керемет әсер алатыныма сенімім мол.