«Асыл мұра» бағдарламасы аясында мәдени ескерткіштер туралы үш томдық басып шығарылады

Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштері үш томдық басылымға енеді. Ол елімізде сәтті жүзеге асырылып жатқан «Асыл мұра» бағдарламасы аясында жарық көреді. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» төрағасы Ғалым Құрман атап өткендей, бұл жұмыс Ұлы даланың рухани мұрасын сақтауға бағытталған.

Ғалым Құрман, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» төрағасы:

- «Асыл мұра» деген бағдарламамыз бар. Биыл бірінші томы шықты. Онда мемориалдық кешендер, келесі жылы тарихи ескерткіштер шығады. Үшінші жылы бізде мәдени ескерткіштер бойынша үш томбыз, кәдімгі үлкен үш томдық кітаптар шығады.