Қазақ шебері жасаған домбыралар Францияға сатылып жатыр
Жамбылда жасалған домбыраны Париждіктер қалап алды. Францияға кәдесый ретінде жіберілген қазақтың қасиетті аспабы жергілікті шебер Алмас Байжановтың қолынан шыққан. Бастапқыда қара жұмыспен айналысқан ол, ақыры атакәсіпке бет бұрған екен. Ұлттық домбыра күні қарсаңында тілшіміз шебермен жүздесіп қайтты.

