Ата заңның жаңа мәтіні тың тәсілмен жазылға
Конституция мәтінің жазуда тың тәсіл қолданылған. Құжатты
қайта әзірлеген мамандар бұл жолы co-drafting әдісіне сүйенген. Аталған тәсіл
мәтінді бір уақытта екі тілде бірдей жазуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Мақсұт
Нәрікбаев университетінің профессоры Марат Ахмади мәлімдеді. Оның айтуынша,
Конституция мәтіні калька сөздерсіз, тілдік нормаларға сай жүйелі жазылуына дәл
осы техника ықпал еткен. Сонымен қатар, университет ғалымдары қатысқан дөңгелек
үстелде жаңа Ата Заңның құрылымы жан-жақты талқыланды.

