Үкімет демалыс орындарын тексеруді бастады
Барлық туристтік орын реттеліп, ондағы қауіпсіздік талаптары күшейтілуі тиіс деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Үкімет тексеру жүргізуді бастап кетті. Ревизия жасау міндеті Вице-премьер Ермек Көшербаевқа тапсырылған. Бүгін ол тексеруді Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасынан бастады. Бұл халық қарасы демалуға ең көп келетін жердің бірі. Биылға су маусымы ашылғаннан бері мұнда демалуға 860 мыңнан астам адам келіпті. Аймақта 140 туристік объект жұмыс істейді. Оның 8-і коммуналдық жағажай. Ермек Көшербаев жолдан бастап, инфрақұрылымдардың жағдайы мен санитария, қауіпсіздік талаптарының бәрін қандай халде екенін өзі көріп шыққан. Алматы облысының әкімдігіне де тапсырма берілді. Күзге дейін жол құрылысына қатысты жұмыстың бәрі бітуі тиіс.

