ATP 250 Astana Open: жұлдызды ойыншылар Астанада жанкүйерлермен кездесулер өткізуде

Елордада үлкен теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Негізгі ойындардан бөлек, Astana Open аясында Star-бағдарламасы ұйымдастырылды. Жұлдызды ойыншылар корттағы тартыстардан тыс жанкүйерлермен жүздесіп, автограф-сессиялар өткізді. Тениссүйер қауым әлемге әйгілі спортшыларымен суретке түсіп, өз сұрақтарын жолдады. Сондай-ақ сала майталмандарының шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігі жасалды. Мәселен, ATP рейтингінде 81-ші орында тұрған Доминик Тиммен кездесуге жанкүйерлер көп жиналып, ұсынсонар кезек құрды. Сонымен бірге  әлемнің жетекші ракеткалары Астанада ағаш отырғызуға қатысып, аутизм орталығына баруды жоспарлап отыр. Ауқымды оқиға қазір  әлемдік БАҚ назарында. Төрткүл дүние көз тіккен шара 40 елде 80 халықаралық және 5 қазақстандық телеарнада көрсетіледі.

Дмитрий Савчук, турнир директоры:
-Бүгін турнирдің үшінші күні өтіп жатыр. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері іріктеу кезеңі болды. Кеше оны қорытындылап негізгі ойындарға кірістік. Бүгін алғашқы айналым жалғасуда. Манарина мен Ваврика өзара кездеседі. Сондай-ақ жұптық кездесуде Тим мен Недовесов өнер көрсетеді. Сондықтан бүгінгі жарыс күні өте қызықты болатынын күмән жоқ. Сырттан 150-ден астам қатысушы келгенін айту керек. Бұл қатарда спортшылар және олардың жаттықтырушылары бар. Көрермендердің де қатары қалың. Мәселен кеше ойындарды 2 мыңнан астам адам келіп көрді. Қорытынды кезең жақындаған сайын олардың қатары артатын болады.