Атырауда қарақұрт қаптады

Атырауда қарақұрт қаптады

Атырауда қарақұрт қаптап, төрт түлікке қырғидай тиюде. Соның салдарынан шаруаларға 65 млн теңге шығын келген. Улы зиянкестен адамдар да зардап шекті. Исатай мен Индер аудандарында 18 адамды қарақұрт шақса, олардың үшеуі бала. Жалпы улы жәндіктен қалай сақтануға болады. 


Биыл аймақта қарақұрт қаптап кетті. Әсіресе, Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарының халқы алаңдаулы. Аз уақытта зиянкестер 397 түйені шаққан. Төрт түлікті сақтап қалу үшін ветеринарлар қазір қора-қопсылар мен жайылымдарды залалсыздандырып жүр.