Ауыл мұғалімі Ақордадан бір-ақ шықты
«Технократ ұлт болу» дегеннің бір ұшы ағылшын тіліне барып тіреледі. Тіл білу - ғылым мен технология жаңалықтарынан қалыс қалмаудың басты құралы. Мектепте 40 жыл бойы ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген ордабасылық ұстаз Әбибулла Жақұдаев, осы қағиданы әрбір оқушының санасына сіңіруге тырысады. Ауыл мұғалімінің шәкірттерінің алды қазір АҚШ-та жұмыс істеп жүр.

