Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы

Елордада алғаш рет ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумы өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам фермер саланы дамытудың жолдарын талқылады. Жиында Мемлекет басшысы отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр деді. Еліміз Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орында. Ал, бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарындамыз.