Әйтеке бидің туғанына 380 жыл!

Әйтеке бидің туғанына 380 жыл!

Ақтөбе облысында Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткерінің аты берілген ауданда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ас берілсе, Ақтөбе қаласында ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Тарихи деректерге сүйенсек Әйтеке Байбекұлы Төле би мен Қазыбек биден жасы үлкен болғаны айтылады, Бұл мәліметті ел ғалымдары осы күнге дейін нақтылай алмай келеді. Ғылыми конференцияға жинағандар тың мәліметтердің әлі керектігін айтты.