«Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтін болды

«Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаевқа көшірілмейтін болды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты шыққан дауға нүкте қойды. Президент ондағы тәрбиеленушілер ешқайда көшірмеуге, ал әкімдікке ескірген ғимаратты жақсылап жөндеуге міндеттеме берілсін деді. Халықаралық ұйымдар мен қоғам белсенділерін алаңдатқан оқиғаға қатысты арнайы тексеруде жүргізілмек. Балаларға қарсы күш қолданған полицейлер де жазалануы мүмкін.