Бас прокуратура Абай облысындағы өрттің шығуы себебі бойынша үш нұсқаны атады

Бас прокуратура Абай облысындағы өрттің шығуы себебі бойынша үш нұсқаны атады

Біріншісі: ағашты сату мақсатында орманды қасақана өртеу әрекеті. Екіншісі, адами фактор, яғни тиісті қауіпсіздікті сақтамау. Ал үшінші нұсқада табиғи сипаттағы фактордың әсері қаралады.

Айта кетейік, Абай ауданындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыс күндіз-түні жүргізілуде. Сонымен қатар жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық тартылған күштер мен құралдар өрттің ауылдарға таралуын болдырмауға бағытталған. Сондай-ақ өртке қарсы арақашықтық пен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда. Жалынды ауыздықтауға 1800-ге жуық адам, 350-ден астам техника жұмылдырылған. Сонымен қатар әскери авиация тікұшақтары әуеден бақылау және су шашу жұмыстарын жүргізуде. Алапат өрт басталғалы 5400 тонна су төгілген.