Баспаналы болудың тиімді тетігі
Елімізде «Отбасы банктен» күн сайын екі жарым мыңға жуық
депозит ашылады. Шамамен 190 ипотека рәсімделеді. Демек, күн сайын осыншама
отандасымыз баспаналы болады деген сөз. Дегенмен тұрғын үй құрылысы жинағы
жүйесін жетілдіру - күн тәртібінен түскен емес. Іс-шара Халықаралық тұрғын үй
қаржыландыру одағы мен Еуропалық құрылыс қоғамдары федерациясының қолдауымен
ұйымдастырылды. Мұндай конференциялар жыл сайын халықаралық одақтарға мүше
елдердің бірінде өткізіледі. Биыл алаң ретінде Қазақстан таңдалды.

