Басты ұстаным - қайырымдылық

«Самұрық-Қазына» компанияларының негізгі ұстанымы – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, қайырымдылықтан қалыс қалмау. Соның ішінде негізгі бағыттардың бірі – инклюзия. Биыл 31 жобаға 35,6 млрд теңге бөлген. Соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары бар. Қазіргі таңда 43 орталық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, әл-ауқат қоры Шелл компаниясымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жастарды digital мамандықтарға оқытып, кейін оларды өз кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады.  

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы: 

 «Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонын өткізді. Сол марафон арқылы 126 млн теңге қаражат жинадық. Жиналған қаражатқа астананың 5 мектебінде инклюзия кластарын салдық . жылдың аяғына дейін тағы 5 иектепте инклюзия класстарын ашатын боламыз. Сондай-ақ жылдың аяғына дейін астананың 10 мектебінде инклюзия сыныптары жұмыс істейді.  

 

Компания елдегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға да көп көңіл бөлуде. Мәселен, жақында Қызылорда қаласында теннис орталығын ашты. Тасқыннан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында екі спорт нысанын салуды жоспарлап отыр. 

 

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы: 

 Қазақстанда 10 спорт кешені жұмыс істейді. және шалғай шағын ауылдарда 30-дан астам спорт алаңын аштық. Одан босқа 23 қалада арнайы балаларға арналған спорт инклюзия секция жұмыс істейді.   

Биыл астанада 250 орынды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын да «Самұрық-Қазына» салып берді. Жаңаөзен, Алматы қалаларында емханалар ашты. Медицинаны қолдау мақсатында Ұлттық ғылыми травмотология және ортопедия кешенін заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткен. Бұдан бөлек «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы су тасқынынан зардап шеккен ауыл-аймақтарды қалпына келтіруге 3 млрд теңге бөлді. Жалпы қор жыл сайын қайырымдылық мақсатында 500 мыңдай адамға көмек көрсетеді.