Батыс Қазақстан облысында 193 отбасы баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа тұрғын үйлермен қамтылып жатыр. Бүгінге дейін Орал қаласы бойынша 1,5 мыңнан аса жанұяға пәтер берілген. Кеше тағы 200-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Көктемгі тасқынның қарқыны қатты болды. Ел күшімен еңістегі елдімекендер аман қалғанымен, саяжайларды су басты. Тұрғындар тілсіз жауға тойтарыс бере алмай, үміті өшті, үдере көшті. Мемлекет зардап шеккендерді жалғыз қалдырған жоқ. Іргелі компаниялар, қоғамдық ұйымдар қарайласты. Бұл күні Жұлдыз шағын ауданында қаз қатар тізілген 193 үйдің кілті табысталды.

