«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды
Оскарға ұсынылған Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу фильмі бүгін Темірбек Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында көрсетілді. Ескі дәстүр, қазақы ғадет... Әжесі тәрбиелеген бала туралы туынды сыншылардың оң бағасын алды. Шәкен кино клубы ұйымдастырған шараға студенттер мен киногерлер жиналды.
«Бауырына салу» фильмі Асхат Кучинчирековтың алғашқы төл
туындысы. Өзі сценарист, өзі продюсер. Фильм шынайы оқиғаларға негізделген,
автордың балалық шағын бейнелейді.

