Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

Қытайдың Бейжің қаласында қысқы Олимпиаданың алауы тұтанды. Салтанатты шара шаһардағы саябақтардың бірінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пандемия салдарынан эстафетаның ұзақтығы мен бағытын қысқартуға тура келген. Алауды мыңнан астам адам кезекпен алып өтеді. Оны «Құстың ұясы» атты ұлттық стадионға жеткізген соң, яғни 4 ақпан күні Олимпиада ресми түрде басталады.

Цзин Хайпэн, ғарышкер :

- Қуанышымда шек жоқ. Бұл – үлкен абырой әрі жауапкершілік. Алау бүкіл тайконавттардың отанына деген сүйіспеншілігін жеткізеді. Ғарышта біз түрлі құралда жаттығамыз. Болашақта онда қысқы спорт түрлеріне арналған саймандар болады деп ойлаймын.

Ло Цжихуань, қысқы спорт түрлерінен Қытайдың тұңғыш әлем чемпионы:

- Өмірімде алғаш рет Олимпиада алауын ұстап тұрмын, мұндай мүмкіндік енді болмайды деп ойлаймын, сондықтан өте ризамын әрі толқып тұрмын. Пандемия туғызған қиындықтарға қарамастан Олимпиада сәтті өтетініне сенемін. Сондай-ақ Қытайда қазір Жаңа жыл мерекесі тойлануда. Сондықтан біз үшін қос мейрам. Олимпиада ойындары – рух, бейбітшілік, бірлік және денсаулық. Қысқы Олимпиада өз жетістіктерімен қатар бүкіл әлем халқының бірігуіне үлес қосады деп сенемін.