Биыл алты айда мемлекет бюджетіне 7,15 трлн теңге салық түскен

Биыл алты айда мемлекет бюджеті  7,15 трлн теңгеге  толықты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, салықтық түсімдер 2,3 трлн. теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті таратқан дерекке сәйкес, биылғы жарты жылда бюджетке 567,2 млрд. теңге сомасындағы қосымша резерв түсімдері қамтамасыз етілген. Ал камералдық бақылау мен салық аудитінің тиімділігі 162,7 млрд. теңгеге өскен. Сондай-ақ салық және кеден бағытында қызмет көрсетуден түскен үлес қомақты: 9,9 млн. Теңге. Осы ретте кеден қызметінің  99%-і электронды түрде көрсетілгенін айта кеткен жөн.