Қазақстан «Электрондық үкіметті» дамыту рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстан «Электрондық үкіметті» дамыту рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде 10 сатыға жоғары көтеріліп, 29-шы деңгейге тұрақтады. Бұл туралы «Ranking.kz» порталы хабарлайды.

Айта кетейік, бұл – 2020 жылғы ТМД елдері арасындағы ең жақсы нәтиже. Индекс негізгі 3 көрсеткіш бойынша есептеледі, олар: электрондық қызметтерді дамыту, адами капитал мен телекоммуникациялық инфрақұрылым. Тізімде БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің рейтингісі есептеледі. Жалпы алғанда «Egov» платформасын дамыту үшін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бюджет қаражатынан қомақты сома бағыттағанын атап өткен жөн. Осылайша жоба аясында биыл республикалық қазынадан 79 млрд теңге, ал келесі жылы 62 миллиардқа жуық, сондай-ақ 2023 жылы 42,5 млрд теңге қарастырылған.

Авторы: Әсел Күшенғалиева