Қазақстанда кедендік рәсімдерді өткізу мерзімдері мен тәртібі оңтайландырылады
Кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, кедендік рәсімдерді жүзеге асыру уақытын қысқарту және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін жетілдіруді қамтамасыз ету. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң екі оқылымда қаралып, қабылданды. Аталған заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, қабылданған құжат еліміздегі бизнес ахуалды да жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ:
- Осы заң арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және құжат айналымын азайту үшін кедендік ақпараттық базаның қызметі мен «Бірыңғай терезе» жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және сол бойынша шешім қабылдау мерзімдерін қысқартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар камералық және көшпелі кедендік тексеріс жүргізу рәсімі қайта қаралады. Алдағы уақытта заң кедендік реттеуді жетілдіруге үлесін қосады деп сенеміз.