Биыл Қазақстанда ішкі туристер саны 21,5 процентке артты

Биыл Қазақстанда ішкі туристер саны 21,5 процентке артты

Қазақстанда соңғы алты айда ішкі туристер саны 1,13 млн адамға жетті.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,5 процентке жоғары, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. Ведомства жыл соңына дейін ұлттық парктерге 2 млн-ға жуық адам барады деп жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Щучинск-Бурабай курорт аймағына 550 мың адам, Шымбұлаққа 240-мыңға жуық турист барып үлгерген. Аталған көрсеткіш өткен жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға көп. Бұл ретте апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келетінін айта кеткен жөн. Дүниежүзілік экономикалық форумның ақпараты бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66 - орынды иеленді. Дәл сол жылы елімізге келген туристер ағыны шамамен 7 млн-ға жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.