Bloomberg - биткоин бағасы 12%-ға құлдырап кетті

Bloomberg - биткоин бағасы 12%-ға құлдырап кетті

Биткоин ұстайтындар үшін биылғы жыл жайсыз болатын сияқты. Өйткені қаңтардың басынан бері криптовалютаның бұл түрі күннен күнге құнын жоғалтып, 12%-ға дейін арзандады. Бүгінгі саудада оның бір монетасы – 64 мың АҚШ долларымен сатылған. Әйтпегенде, 2025 жылдың желтоқсан айында 75 мың доллар шамасында болған еді. Ал Блумберг агенттігі биткоиннің бағасы 2025 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 35%-ға түскен деп жазады. Ең ірі биткоин сақтаушы компания Strategy-дің акциялары криптовалюта биржасында 17%-ға құлдыраған. Мұнда алтынның құны керісінше өскен. Былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 70%-ға шарықтаған. Қазіргі саудада алтынның бір унциясы – 5,6 мың АҚШ доллары. Теңгеге шаққанда бір граммы шамамен 77 мың теңге.