Үкімет Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру жоспарын талқылады

Үкімет Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру жоспарын талқылады

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны мен көлемі 2029 жылға қарай екі есеге ұлғаяды. Бұған Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру өз септігін тигізбек. Жаңартылған Үкіметтің алғашқы отырысында Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл мақсатта әзірленген жоспар 100 іс-шараны қамтиды. Құжат аясында АӨК саласына басымдық беріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеуге арналған инвестициялық субсидиялау нормативтері арта түседі. Экономика министрі Ай-ти саласы да қарыштап дамитынын айтады. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы сектордағы қызметтер экспортын 1 млрд долларға жеткізу үшін 2026 жылға қарай Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдерінде айти хабтар ашылады. Саланың тартымдылығын арттыру, отандық және шетелдік инвесторларды венчурлық қаржыландыруға ынталандыру үшін заңнамалық түзетулер енгізу жоспарлануда. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ірі дата-орталықтардың құрылысына қаржы тарту көзделуде. Көліктік-логистикалық әлеуетті дамытып, жолдарды жаңғырту, білім беру және басқа да бағыттарды жетілдіру жағы да назардан тыс қалмайды.