5,6 млрд теңге медициналық нысандар салуға беріледі

5,6 млрд теңге медициналық нысандар салуға беріледі

Қайтарылған активтердің 5 миллиард 600 миллион теңгесі Абай облысында медициналық нысандар құрылысына жұмсалмақ. Атап айтқанда, Үржар ауылы мен Аягөз қаласында көпсалалы орталық аудандық ауруханаларға қосымша корпус салуға және заманауи медициналық техникамен жарақтандыруға бөлінуі тиіс. Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қордан Семей қаласында 100 орындық медициналық-әлеуметтік психоневрология мекемесін салуға 2,6 млрд теңге бөлінді. Президент Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңғыртуды тапсырған еді. Бүгінгі күнге дейін елімізде арнайы ұлттық жоба аясында 540 нысанның құрылысы салынған.