Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

Ертең Бурабайда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді. Келелі кеңеске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Айта кетейік, бұл Құрылтайдың төртінші отырысы. Алғашқысы Ұлытауда, содан кейін Түркістанда, былтыр Атырауда өткен.