БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина туралы отырыс өткізді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина туралы отырыс өткізді

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша шұғыл отырысы аяқталды. Ұйым бас хатшысы орынбасарының айтуынша, Ресейдің Украинаның шығысындағы аудандарын мойындауы елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу болып табылады. Розмари Ди Карло жағдайға байланысты өкініш білдіріп, ол аймақтық және жаһандық салдарға алып келуі мүмкін екенін атап өтті. БҰҰ барлық тарапты қақтығыс әрекеттерін дереу тоқтатуға және ағымдағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу жұмыстарын бастауға шақырады.

Розмари Ди Карло, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары:

- Үлкен қақтығыс қаупі төніп тұрғаны анық. Оны қайткенде де болдырмау керек. БҰҰ Бас хатшысы аталмыш дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу бағытын қолдайды.