БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша шұғыл жиналысы өтті

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша шұғыл жиналысы өтті

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыс өткізді. Бұл – осы аптадағы екінші жиын. Жаңа кездесу Украинаның өтініші бойынша өтті. Бас хатшының орынбасары Розмари Дикарло ұйым қызметкерлері Украина халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін өз орындарында қалатынын және барлық тарап олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай жариялады.