Cargolux компаниясы Қазақстан арқылы жүк тасымалын қайта жандандырды

Cargolux компаниясы Қазақстан арқылы жүк тасымалын қайта жандандырды

Cargolux компаниясы Қазақстан арқылы жүк тасымалын қайта жандандырды. Бүгін әуе кемесі Астана әуежайына қонып, жанармай құйып, әрі қарай Еуропаға жол тартты. Рейстің іске қосылуы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асты. Үкімет пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде енді алпауыт компания еліміз арқылы аптасына 14 рейс жасамақ. Бұл транзиттік әлеуетті арттырып, логистикалық хабқа айналуға жол ашады.

Cargolux - Еуропадағы ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі. 1970 жылы құрылған компания жаһанның 90-нан астам еліне қызмет көрсетеді. Әуе паркінде 130 тоннаға дейін жүк көтеретін 30 Boeing 747 ұшағы бар. Алпауыт компанияның елімізге қайта оралуы Қазақстанның логистикалық орталыққа айналып келе жатқанын аңғартады.