Цифрландыру дәуірі. Жасанды интеллектке тәуелділік жаһанды неге әкелуі мүмкін? Қазақстанның суперкомпьютері

Цифрландыру дәуірі. Жасанды интеллектке тәуелділік жаһанды неге әкелуі мүмкін? Қазақстанның суперкомпьютері

Цифрландыру – жай ғана технологиялық жаңғыру емес. Оның ауқымы біз ойлаған қарапайым прогрестен әлдеқайда кең. Бүгінгі цифрлық даму – ақпараттық революцияны алға жылжытып, бүкіл әлемді жаңа форматқа көшіруде. Ол жаһандық экономиканың құрылымын өзгертті, қоғамның құндылықтарын қайта қалыптастырды және мемлекеттердің жұмыс істеу моделін түбегейлі трансформациялап жатыр. Бүгінде цифрлық технологиялар тек құрал емес — жаңа билік тетігіне, бәсекелестіктің басты өлшеміне айналды. Кім цифрды игерсе — сол алға шығады. Кім іркіліп қалса — жаһандық жарыстан шеттейді. Цифрланудың экономикалық, саяси және әлеуметтік ықпалы қандай? Әлем қандай жаңа тәуекелдер мен мүмкіндіктерге бет бұруы тиіс? Жаһан жайының бүгінгі шығарылымын осы тақырыпқа арнаймыз.