Геосаяси қақтығыс. Қазақстанға Қытай АЭС сала ма?

Геосаяси қақтығыс. Қазақстанға Қытай АЭС сала ма?

Гибридтік соғыс деген – бұл дәстүрлі әскери әрекеттерді, кибершабуылдарды, ақпараттық шабуылдарды, экономикалық қысымды және түрлі саяси манипуляцияларды біріктіретін жан-жақты соғыс түрі. Мақсаты – қарсылас елдің ішкі тұрақтылығын бұзу, қоғамда сенімсіздік пен дүрбелең туғызу, әскери қақтығыссыз-ақ саяси немесе стратегиялық үстемдікке қол жеткізу. Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты халықаралық сарапшылар гибридтік соғыстың классикалық үлгісі ретінде атайды. Бірақ жақында екі ел арасындағы көп жылдық жанжал алғаш рет ашық әскери қақтығысқа ұласты. Тараптар бір-біріне ракеталық соққылар беріп, арнайы барлау операцияларын жасады. Сарапшылардың айтуынша, бұл — өзара сенімсіздік пен өңірлік бақталастықтың жылдар бойы жиналған, өшпенділікке айналған түйіні. Жаһан жайының бүгінгі шығарылымын «Геосаяси шиеленістердің себептері мен салдары және оны шешуде Біріккен ұлттар ұйымының рөлі» деген тақырыпқа арнадық.