Жаһандық жылыну Қазақстанға қалай әсер етіп жатыр?
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған ең үлкен сын-қатерлердің бірі – климаттың өзгеруі. Ғалымдардың айтуынша, соңғы жүз жыл ішінде Жердің орташа температурасы 1,2 градусқа көтерілген. Жаһандық климаттық кризис – бұл жер шарының орташа температурасының тез көтерілуінен туындап отырған экологиялық, әлеуметтік және экономикалық дағдарыс.
Экологиялық жүйенің басты жауы ол – өндіріс. IPCC халықаралық ұйымының
зерттеуі бойынша 1850 жылдан бастап өндірістік даму қарқын алған. Әрі дәл осы
кезеңде жаһандық жылыну үрдісі басталды. Сарапшылардың айтуынша, егер жаһандық
жылыну 1,5–2 °C-тан асса, адамзаттың жер бетінде тіршілік етуі едәуір
қиындайды. Әлем елдері климат өзгерісіне қарсы күресте тиісті деңгейде
белсенділік танытпай отыр. Көмірқышқыл газы бөлінуін азайту шарттары өте баяу
орындалуда. Бұлай жалғаса берсе, арты қайда апарып соғады? Бүгінгі бағдарламада
осыған жауап іздейміз.

