«Ядролық клубтағы» 9 мемлекет. Қай елде қандай ядролық қару бар?
Кеңес үкіметі тұсында Семей полигоны ядролық сынақ алаңына айналды. Жер
бетінде уран қоры табылғаннан бері, нақтырақ айтқанда, соңғы 80 жылда 2056 рет
түрлі санаттағы ядролық сынақтар жүргізілген. Хиросима, Нагасаки және Семей –
ядролық қару зардабын ұмыттырмас, бейбітшілік символына айналған қалалар. Содан
бері адамзаттың ядро қуаты туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Оны жойқын қару
ретінде ғана емес, бейбіт мақсатта қолдануды меңгере бастады. Ядролық өндіріс
ғылыми-техникалық өркениет дамуының драйверіне айналды. Атом энергетикасының
шарапаты тимеген сала кемде кем. Энергетика саласығы жетістік - Атом
электр стансалары. Атом энергиясы, жасыл энергетиканы қоса алғанда, барлық қуат
көзі ішіндегі табиғатқа ең зияны азы саналады. Алайда адам баласы әлі күнге
дейін ядролық өндірісті қару ретінде қолданудан бас тарта алмай отыр. Бүгінгі
бағдарламада ядролық қауіпсіздік пен атом энергетикасының заманауи
мүмкіндіктерін жан-жақты талдаймыз.

