БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында Қ. Тоқаев әлемге қандай үндеу тастады?
Осы күндері Нью-Йоркта БҰҰ Бас ассамблеясының 80-ші
сессиясы өтіп жатыр. Сессияның тақырыбы - «Бірлесе әрекет ету: бейбітшілік,
даму және адам құқықтары жолында 80 жылдық ортақ еңбек және алдағы бағыт».
Мерейтойлық жиынның ашылуында сөз сөйлеген Бас Ассамблеяның төрайымы Анналэна
Бербок ұйымға мүше мемлекеттерді соғыстар мен кедейліктен климаттың өзгеруіне
дейінгі жаһандық дағдарыстарға қарсы бірігуге шақырды. Өйткені қазір әлем
келіспеушіліктерге толы, геосаяси турбуленттік жағдайында. Дәстүрге сай
ассамблея сессиясында ұйымға кіретін 193 мемлекеттің өкілдері ахуалға қатысты өздерінің ұсыныстарын айтып
жатыр. Солардың қатарында Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының мінберіне шығып, әлемге қандай
үндеу тастады? Талдап көрейік.

